Сейсенбиева Элеонора Сәрсенәліқызы 1975 жылдың 13 желтоқсанында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Қылышбай ауылында дүниеге келген. 1992 жылы орта мектепті аяқтап, 1993 жылы Шығыстану мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып, (1993-1998), мемлекеттік емтихан комиссиясының 1998 жылғы 25 маусымдағы шешімі бойынша шығыстанушы-филолог біліктілігі берілді (ЖБ-І № 0139337), ал 2011 жылы Шетел филологиясы білім беру бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып, (2011-2013), «Араб әдеби сюжеттерінің қазақ кітаби ақындар шығармаларындағы көрінісі» атты магистрлік диссертациясын қорғап, мемлекеттік аттестаттау комиссиясының 2013 жылғы 06 маусым шешімімен (№5 хаттама) гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесі берілді (ЖООК-М №0037757). Мамандығы: «Шетел филологиясы» магистратура, 2018-2021 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 6D020500-Филология мамандығы бойынша докторантура, 2023 жылдың 22 ақпан күні «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі экзегетикалық дәстүр» тақырыбында қорғап, 15.03.2023 жылдың №124 бұйрық негізінде философия PhD дәрежесі берілді. 2022-2023 жж. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қайта даярлау курсын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмәмдап шықты. Скопус (Scopus) мәліметтер базасында 2 мақала, ҚР Білім және Ғылым министрлігі Білім және Ғылым саласындағы Бақылау комитетінің нұсқауындағы филологиялық басылымдарда 20 мақала, отандық және шетелдік халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда 20 ғылыми мақалалары мен «Қазақ кітаби ақындар мұрасы» монографиясы, «Қазіргі қазақ драматургиясы» атты оқу құралы жарық жарық көрді. Еңбек жолын 1998-2005жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы; 2005-2018жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы; 2021 жылдан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, PhD; 2023 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1998

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
24.03.2023
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0